Қаланың 380 жылдығына арналған кітап жарық көрді

Ресейде Қазақстанның Каспий маңы жайлы кітап жарық көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Кітап авторы – Атырауда дүниеге келген прозашы, ақын, тарихшы Валентин Тарабрин.
«Там, где Урал впадает в Каспий…» деп аталатын жинақ Қазақстанның Каспий маңы астанасы саналатын Атырау қаласының 380 жылдығына арналған.
Жинақта автордың өлеңдері, эсселері, балладалары, поэмалары, әндері мен прозалық шығармалары топтастырылған. Ақын лирикаларында туған жеріне деген сүйіспеншілігі анық сезіледі.
Ал «Звезда рыбака», «Луч в степи», «Трудное время Урала», «Тудаковы на Яике: истоки, легенды, факты», «По замерзшей меже» өмірбаяндық очерктерде Валентин Тарабрин Каспий маңының алуан түрлі табиғатын сипаттап, өмірі өнегеге айналған адамдармен кездесуі жайында сөз қозғайды, қаламен байланысты қызықты тарихи фактілер жайында сыр шертеді.
Сонымен қатар, жинақта автордың жеке мұрағатынан көптеген бірегей сурет жарияланған.