Жабайы жануарлар зообақтан босатылу мүмкін
Қазақстанда жабайы жануарлардың бірқатарын зообақта ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына елдегі дельфинарийлерді жабу туралы норма енгізіледі. Қазірдің өзінде бұл норманы заң жобасына кіргіздік. Бұл нормада дельфинарийлерге ғана қатысты емес, басқа да жабайы жануарларды ұстау бойынша тыйымдар бар, – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ ведомство басшысы заң жобасы депутаттардың қарауына қашан берілетінін айтты.
– Заң жобасы әзірленіп, Үкіметке енгізілді. Осы орайда тиісті келісуден өткеннен кейін, жақын арада Парламент қарауына түседі, – деді ол.