Жаңа министрлік құрамына қандай комитеттер кіреді?
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамына қандай комитеттер кіретіндігі белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Министрлік құрылған соң, Ішкі істер министрлігіне қарасты Төтенше жағдайлар комитеті таратылады.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы 17 қыркүйекке дейін порталда талқылауға шығарылды.
– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері жөніндегі комитеті құрылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті атауына өзгертілсін.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалдық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылсын, – делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетелік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Төтенше жағдайлар комитетін қайта құрылымдау қажеттігін мәлімдеген еді.