KLPE мен ТШО келісімге қол қойды
KLPE және ТШО «Газ айыру қондырғысын» жобалау кезіндегі
өзара іс-қимылдың негізгі талаптары бойынша келісімге қол қойды.
2020 жылы 18-тамызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Атырау облысының өндірістік кәсіпорындарына іссапармен барды.
Іссапар барысында Қордың портфелдік компанияларымен жиналыс өткізіліп, Атырау облысындағы қуатты полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобасы басқа мәселелермен бірге талқыланды.
Бұрын бол жобаның серіктесі «Borealis» компаниясы болған еді. Алайда COVID-19 инфекциясының таралуы мен мұнайдың төмен бағасына байланысты туындаған жаһандық дағдарыстың салдарынан инвестицияларды шектеуге мәжбүр болған «Borealis» жобаның іске асырылуына қатыспау туралы шешім қабылдаған. Соған қарамастан, Қор мұнай-газ химиясы саласын дамыту мақсатында «KLPE» ЖШС арқылы жобаны іске асыруды жалғастыруда. ҚМГ жетекшілігімен жұмыс едәуір ілгеріледі.
Болашақ зауытқа шикізатты үздіксіз жеткізіп тұру үшін қазіргі уақытта қуаты 9,7 млрд. м3 Газ айыру қондырғысын жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Аталған қондырғы этаннан құрғақ газ алу үшін қажет. Мұндай кешен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Газ айыру қондырғысы Теңіз кен орнының аумағында орналасады деп жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда «Теңізшевройл» ЖШС-мен бірге Газ айыру қондырғысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталды.
«KLPE» ЖШС және ТШО арасындағы ГАҚ жобалау кезіндегі өзара іс-қимылдың негізгі талаптары жөніндегі келісім келесі кезеңге көшуді қарастырады – ол жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Келісімнің мақсаты – ГАҚ жобалау кезінде KLPE және ТШО арасында өзара іс-қимылды бекіту болып табылады. Осындай ауқымды нысанның жиынтығын әзірлеуді ТШО-ның қолдауымен отандық «KLPE» ЖШС жүзеге асыратын болады.