ФИФА Қазақстанға 1,5 млн. доллар аударады
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық федерацияларға қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Бұл коронавирустық пандемияға байланысты шығындарды өтеу үшін жүзеге асырылады. Жалпы елімізге 1,5 миллион доллар бөлініп отыр.
ФИФА барлық 211 ұлттық федерацияға көмек көрсетуде. Қазақстан 1 миллион доллар көлемінде ақшалай өтемақы және әйелдер футболы үшін тағы 500 мың доллар алады.
Қаражат 2021 жылдың қаңтарына дейін аударылады.
Федерациялар бұл қаржыны жарыстарды қайта бастауға, ойынға қайта шақыру хаттамаларын жүзеге асыруға, бәсекеге түсетін ұлттық командаларға, қызметкерлердің еңбекақысына, футбол инфрақұрылымын ұстауға, жалпы әкімшілік және операциялық шығындарға жұмсайды.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты биылғы жылы екі рет, наурыз және шілдеде — коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды.