Атырауда карантиндік орындар жабылады
Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
⠀
— Ендігі кезекте карантиндік орындар жабылып, провизорлық, инфекциялық станционарлар қалады. Эпидемиологиялық ахуалдағы оң өзгеріске байланысты, негізгі күш емханалардағы мобильді топқа түседі.
Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта 77-ге дейін өсті. Мобильді топтың саны алдағы уақытта толыға түседі, — деп атап өтті жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.