Қара түтіннен қауіп жоқ
Атырауда қара түтінмен ұшқан ұшақ туралы авиация мамандары түсінік берді. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің артынан шыққан қара түтінді байқауға болады.
Осыған байланысты авиация мамандары өз пікірлерін білдірді. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейінгі уақытта әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.
– Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы орын алып, нәтижесінде шығарынды пайда болған. Бұл қалыпты жағдай.Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, – деді Андрей Ким.
⠀