Жедел жәрдем көлігі көбеймек
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.
—Қыркүйек-қазан айларында республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен лизинг бойынша 40 санитарлық автокөлік келеді деп күтілуде. Сондай-ақ, өзіміз де жуық арада тағы 15 көлік алуды жоспарлап отырмыз. Бұнымен мәселе толық шешімін табады деген сөз емес. Әлі де көптеген жұмыстар атқарылады, — деді облыс әкімі.
Бүгінде өңірде емханалар жанынан 61 мобилді бригада жасақталған. COVID-19 инфекциясының симптомсыз және жеңіл түрімен ауырып үйде жатырған науқастарға амбулаторлы ем жүргізілуде.