Атырауда жедел штаб қайта құрылады
Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб қайта құрылады. Ол туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
— Атырау облысының әкімдігіне коронавирус инфекциясымен күресу жөніндегі аймақтық жедел штаб құру тапсырылды. Штаб шектеу шаралары мен талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қажет болған жағдайда, қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныс білдіре алады, — деді Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.