Қазақстан халқы 19 млн.-ға жақындады
Қазақстанның халық саны 18 711,2 мың адамға жетті. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.
Ақпаратта 2020 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 18 711,2 мың адам болғаны, оның ішінде қалалықтардың 11 004,5 мың (58,8%), ауылдықтардың 7706,7 мың адам екені көрсетілген.
Комитеттің мәліметінше, 2019 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда Қазақстан Республикасының тұрғындары 242,4 мың (1,3 %) адамға өскен.