Қызылқоғада тағы бір адам суға кетті
Кеше Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылынан 25 шақырым жердегі Ойыл өзенінде 1972 жылғы ер адам арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Кешкі сағат 6 шамасында басталған іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 1 техника және жергілікті тұрғындар атсалысты.
Нәтижесінде, сол күні сағат 19.30-да суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.
Соңғы 10 күн ішінде Қызылқоға ауданы бойынша үш адам судың құрбанына айналып отыр.
Осыған байланысты Атырау облысы ТЖД Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына жабайы жағажайларда шомылмауды қатаң ескертеді.