Жоғалған баланың мүрдесі табылды
Кеше жоғалған баланың бүгін мүрдесі табылды. Бұған дейін Еркінқала-2 ауылы маңындағы Жайық өзені жағасынан баланың велосипеді мен киім-кешегі табылған еді.
2009 жылы туған баланы іздестіру үшін Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің жедел құтқару жасағы бүгін түнгі сағат 02:00 шамасында жұмысқа кірісіп, мүрдені өзеннің шомылуға жарамсыз бөлігінен тапқан.
Бұл – балалардың биылдыққа Жайық өзеніне кеткен бірінші жағдайы емес. Соған орай, Атырау облыстық ТЖД ата-аналарға балаларды елеусіз қалдырмауға, ересектерсіз суға жібермеуді қатаң ескертеді.