Атыраулық медқызметкерлер апта бойы үй көрмеген
Атырауда инфекциондық стационарда апта бойы 60 медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Олар күн сайын Cоvid-19 індетін жұқтырған науқастарды емдеп, оларға қажетті күтім көрсетеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, медициналық қызметкерлер арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, еден жуушылар мен ағаш ұсталары бар. 27 наурыздан бастап 60 медициналық қызметкер ауруханада қызмет етуде.
— Біз әзірге инфекциялық стационардан шыға алмаймыз, өйткені, дертке шалдыққандармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Індеттің алғашқы оқиғасынан біз осында болып, туыстарымызбен телефон арқылы байланыстамыз, — деді Надя Ерғалиева.
Айта кетейік, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында Covid-19 індетін жұқтырған 18 науқас емделуде.