«Вирус, қайда барасың?»

Әлемді дүрліктірген covid-19 індеті атыраулық ақын әрі журналист Дулат Ғұбайдуллинді де бей-жай қалдырмады. Ол өзінің әлеуметтік парақшасында вирустан қалай сақтану керектігі туралы өлең жариялаған. 

Өлең мәтінінде үйден шықпай, карантиннің талаптарын толық орындау керектігі мен талаптарды сақтамаған жағдайда қауіп келетіні айтылады.

 

– Вирус, қайда барасың?
– Баласы сыртта ойнаған,
Өздері тойын тойлаған.
Қауіп бар деп ескертсе,
Саясат деп қоймаған.
Карантинді – демалыс,
Каникул деп ойлаған
Үй аралап қыдырып,
Қызыққа еш тоймаған
Бейқам елге барамын.

– Вирус, қайда бармайсың?
– Қауіпсіздікті сақтаған,
Бетін маскамен қаптаған.
Бала-шаға, отбасын,
Үйден шығармай баптаған.
«Сабыр ет» деп өтінсе,
Аталы сөзге тоқтаған.
Кәсіпкері құнығып,
Қымбатқа тауар сатпаған.
Тәртіпті елге бармаймын.

 

Өлеңнің авторы: Дулат Ғұбайдуллин, Атырау облысы