Аймақ - Әлеумет - 29.03.2020

Атыраудағы автовокзал жұмысын тоқтатты

Бүгін ауданаралық, қалааралық, халықаралық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау автовокзалы директоры Вадим Синкейұлының айтуынша, күніне Атырау автовокзалына 14 рейс келесі бағыттарға жүріп тұрған:

— Атырау — Астрахан
— Атырау — Бейнеу
— Атырау — Орал
— Атырау — Мақат
— Атырау — Индер
— Атырау — Құлсары

Автовокзал басшылығының ақпаратына сәйкес, Атырау — Астарахан рейсі Ресеймен арадағы шекараны жапқаннан кейін толықтай тоқтатылды. 28 наурыз күні Мақатқа соңғы рейс кетті. Әзірге аудан мен қала арасында автобус қатынамайды.