Аймақ - Әлеумет - 29.03.2020

Атырауда нан тапшылығы болмайды

Атырауда Төтенше жағдайларға байланысты нан тапшылығы болмайды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. 

Наубайханалар өз өнімдерін арттыруға мүдделі, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің хабарламасына сәйкес, бүгінде Атырауда күнделікті 40 мың нан пісіріліп, 8 наубайхана жұмыс жасауда. «Дәулет нан» наубайханасының өкілі Фарух Абдуллаевтың айтуынша, кәсіпорын нан өнімін тәулігіне 7 мыңнан 15 мыңға дейін арттыруға ниетті. — Қазіргі таңда цехта 90 адам нан пісірумен айналысады. Кәсіпорында жұмыс орындарын қысқарту көзделмеген. Керісінше, біз қосымша жұмысшылар тартуға ниеттіміз, — дейді Фарух Абдуллаев.

Бүгінде облыс көлемінде 824 тонна ұн бар, оның ішінде 520 тонна тұрақтандыру қорында. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік қосымша 17 115 тонна ұн сатып алуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, «5 сәуірге дейін нан пісірілу тоқтатылады наубайханалар жұмыс жасамайды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратушы тұлғалар жауапқа тартылады.