Атырауда — карантин
Бұл туралы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлайды.
Хабарламада былай делінген:
«Ресми:
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30-шы наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.
Қауылының толық мәтіні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығады.»