Атыраудағы сауда орындары мен жолдар жабылмайды

Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Жазбада Атырауда әлі коронавирус жұқтырған адамдардың тіркелмегені және кез келген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырған. Сонымен қатар, қасақана түрде жалған ақпарат таратушылардың құқықтық жауапкершілікке тартылатыны ескертілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін түрлі мессенжерлерде Атыраудағы ірі сауда орындары жабылып, қалаға кіріп-шығудың уақытша тоқтатылатыны туралы ақпарат тараған еді.

Пандемия туралы өздеріңізді алаңдатқан сұраққа +7775 000 61 09 нөміріне соғу арқылы жауап ала аласыздар.