Амстердамнан келген студенттерде аурудың белгілері жоқ
24 наурыз күні жергілікті сағат 20.30-да Атырау әуежайына шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер бар ұшақ келіп қонды. Олардың ішінде еліміздің әртүрлі қалаларының тұрғындары бар. Жолаушылардың бәрі арнайы аймаққа орналастырылып, жедел тексеруден өткен.
Кеше белгілі болғандай, барлық студенттен қауіпті ауруды анықтауға арналған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, кешкісін олар карантин аймағынан шығарылған.