Әлем - Әлеумет - 19.09.2019

«Транссібір тасымалдар жөніндегі үйлестіру кеңесі» қауымдастығының отырысы өтті 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Транссібір тасымалдар жөніндегі үйлестіру кеңесі» (ТТҮК) халықаралық қауымдастығының ХХVIII пленарлық отырысы болып өтті.

Қазақстан астанасына 30 елден 250-ден астам делегат келді. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, теміржол, кемемен тасымалдау компанияларының, теңіз порттарының өкілдері бар.

Шараға индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қатысты.

Қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Қытай – Еуропа – Қытай бағытында транзиттік тасымалды арттыру бойынша өзаратиімді ыңтымақтастықты ары қарай да дамыта түсу қажеттігін атап көрсетті.

«ТТҮК жұмысы арқасында тасымалдарды ұйымдастыруды жеңілдету қамтамасыз етіліп, Азия мен Еуропа елдері арасында экспорттық-импорттық және транзиттік жүктерді тарту артып келеді. Тек бірлескен күш-жігермен біз қол жеткізілген халықаралық тасымалдарды дамыту нәтижелігін еселей аламыз. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ транзиттік тасымалды дамытуға ерекше маңыз беріп келеді. Компанияның жүкайналымы артуда, бірінші жартыжылдықта ол 106 млрд. т-км. құрады. Тасымал көлемі 134 млн. тоннаны құрады, бұл ретте ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы транзиттік контейнерлік тасымал өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 41% артты» деді С.Мыңбаев.

Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесі – Азия мен Еуропа елдері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту және Транссібір бағытында транзиттік және сыртқысауда жүктерін тарту мақсатында 1997 жылы негізі қаланған, коммерциялық емес халықаралық көлік ассоциациясы. Қазақстандық темір жолдар ТТҮК құрамына 1994 жылы мүше болып қабылданған.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен XXVIII пленарлық отырыста Транссібір тасымалдары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің атауы Трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі Үйлестіру кеңесі деп өзгертілді.