Михал Билек — Кипр жəне Ресеймен болатын матчқа шақырту алған ойыншылар тізімін бекітті

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында Кипр жəне Ресей құрамаларына қарсы кездесуге шақыртылған ойыншылар тізімін түзді. Тізімде бас-аяғы 23 футболшы бар. Олар:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмирий Шомко (барлығы — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де — «Ордабасы»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мұжықов, Юрий Перцух (екеуі де – «Астана»), Айбол Əбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (бəрі – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»).

Ал кеңейтілген тізімде: Владимир Плотников, Елдос Ахметов, Еркебұлан Сейдахмет, Еркебұлан Тұңғышбаев (бəрі де — «Қайрат»), Олжас Керімжанов, Аслан Дарабаев (екеуі де — «Жетісу»), Марат Быстров, Тоқтар Жаңғылышбай (екеуі де — «Ордабасы»), Думан Нəрзілдаев («Қайсар»), Руслан Валиуллин, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек (барлығыида — «Тобыл»), Роман Мұртазаев («Астана»).

Бапкерлер құрамы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы, Марат Еслямов – физикалық дайындыққа жауапты маман, Тадеуш Переход – дəрігер, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Дмитрий Николаев – массажист, Тимур Құсайынов – сарапшы, Бауыржан Елденбаев – видеооператор, Максим Шауберт – администратор, Азамат Жақудин – кит-менеджер.

Шамкен БАЙЫРБЕК.