Арман Асенов «Қазақфильм» басшысы болып тағайындалды

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Асенов келді, — деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен.

1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.