Аймақ
Терроризмге жол жоқ
ҚР Терроризмге қарсы Орталығының бастамасымен Атырау қаласында 2021 жылдың 21 мамырда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы хабарлады. Хабарламада «Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру»…
Толығырақ »Жұмыспен қамту басқармасында – жаңа басшы
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Азамат Саматұлы Мәмбетов ішкі конкурстың нәтижесінде облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын ұжымына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков таныстырып, жұмысына табыс тіледі.…
Толығырақ »Ұлттық тестілеу электронды форматта өтуде
Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев ҰБТ-ның электронды форматта өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Күн тәртібінде 2020-2021 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мәселелері қаралды. Басқарма басшысы биылғы тестілеудің ерекшеліктері туралы баяндады. – Биыл алғаш рет ҰБТ электрондық форматта өткізілуде.…
Толығырақ »«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Конференцияға Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Атырау…
Толығырақ »Тұрғындар облыс әкімінің онлайн-қабылдауында болды
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн форматта қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Кезекті қабылдауда өңір басшысына қала және аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен жүгінді. Азаматтардың негізгі көтерген мәселелері: баспанамен қамту, денсаулық саласы мен құрылыс үшін жер бөлу сондай-ақ жұмысқа орналастыру бағытында…
Толығырақ »Облыс әкімі мемлекеттік марапат алғандарды құттықтады
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Отан қорғаушылар мерекесінде мемлекеттік жоғары марапат алған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін құттықтады. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлады. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор әскери атағын алған «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Нұрлан Алдияровты қабылдады. Қабылдау барысында аймақ…
Толығырақ »Атырау облысының әкімі ардагерлерді құттықтады
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлері Айдын Айбаров, Закария Сұлтанов және концлагер тұтқыны Екатерина Абсатырованы арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ Қазіргі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі мерекелік шаралар келесі жылға ауыстырылды. Алайда облыс басшылығы ардақты…
Толығырақ »Атырауда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Жеңістің 76 жылдық мерекесі қарсаңында Өрлік ауылдық округінде алғаш рет жаңа үлгіде жабдықталған спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Индер аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. Шараға аудан әкімі М.Қалауи, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Р.Хисметов, самбодан Әлем чемпионы С.Қапсалықова…
Толығырақ »Ардагерлерге қаржылай көмек берілді
Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне миллион теңгеден қаржылай көмек берілді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, аталған мереке қарсаңында барлығы екі мыңдай адам қолдау алды. Атап айтқанда, Атырау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 адамға…
Толығырақ »Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын қабылдады
Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпановты қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Өңір басшысы халық қалаулыларымен облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы пікірлесті. Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу жолдарын мәлімдеді. –…
Толығырақ »