Дәрігерлер: үш науқастың жағдайы қанағаттанарлық
Дертке шалдыққан үш науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Түркиядан келген алғашқы науқастың дене қызуы — 38,4 °. 20 жастағы жігіттен аурудың басқа белгілері байқалмайды.
37 жастағы ер адамның да жағдайы қанағаттанарлық, температурасы — 37,2 °, ауру басқа симптомсыз өтуде.
28 жастағы әйелдің денсаулығы қалыпты. Науқастың дене қызуы — 36,9 °, жөтел, кеуденің ауырсынуы мен тыныс алуында қиындықтар бар.
Дәрігерлер үш науқастың ауру ағымы орташа дәрежеде өтіп жатқанын хабарлады.