Атырауда коронавирустың ошақтары анықталды

Қалада коронавирус инфекциясының 11 ошағы бар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырау қаласында коронавирус  инфекциясының анықталуына байланысты қалада індеттің 11 ошағы тіркелді. Олар:
– Шманов көшесі, 63;
– Яблочная көшесі, 2;
– Ардагер ықшамауданы, 2;
– Ұзын-Арал көшесі, 30;
– Каспий ықшамауданы, 19;
– Жұлдыз ықшамауданы, 19;
– Нұрсая, 52;
– Маденов көшесі, 15;
– Жазықбаев көшесі, 20;
– Құрылысшылар көшесі, 147;
– Вокзал маңы ықшамауданы, 5-8;
Коронавирустың ошағы дегеніміз – COVID-19 індетін жұқтырған Атырау қаласы тұрғындарының тұрғылықты мекен-жайлары. Қазіргі таңда осы 11 үйдің тұрғындары оқшауланған, тест нәтижесі бойынша барлығының дені сау.
Тұрғындардың үйлері мен пәтерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға ешқандай қаупі жоқ.