Атырау–Доссор тасжолы төрт жолақты болмақ
Атырау–Доссор бағытындағы трасса 2025 жылы кеңейтілетін болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы тасжолды жаңғырту туралы былтыр тапсырма берген еді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО хабарлайды.
Қазіргі уақытта көлік көп жүретін екіжолақты жолдың жүргізушілер үшін мәселе тудырып жатқаны анық. Тіпті, соңғы жылдары апатты жағдайлардың жиі болуы трассаны кеңейту жұмыстарын кейінге қалдыруға болмайтынын білдіретіндей.
Осы орайда аталған жолдың 85 шақырымын 4 жолақтыға ауыстыру үшін қажетті жобалық-сметалық құжат келер жылы жасақталатын болды. Ал құрылысшылар 2025 жылы іске кіріспек.
Әзірге жергілікті атқарушы орган министрлікке тиісті құжаттарды жолдап қойды.