Тұмауға қарсы екпеге 55 млн. теңге бөлінген

2019 жылы Атырау облысы бойынша тұмауға қарсы 61 мың дозадан астам вакцинаға тапсырыс беріліп, соның 30 мыңы сатып алынған.

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 55 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев мәлімдеді.
«Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері бар. 3-5 күннен астам уақыт дене қызуы 38-40 градустан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы, аяқ-қолдың тартылуы секілді белгілері бар. Тұмаудың алдын алудың тиімді әдісі вакцинация болып табылады» дейді Амантай Жұмағалиев.