Түйе малы құрбандыққа шалынды
Махамбет аудандық орталық мешіттің бастамасымен түйе малы құрбандыққа шалынды. Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрбан малының еті әлеуметтік жағдайы төмен, материалдық қолдауды қажет ететін 36 отбасына үлестірілді.
Карантин талаптарын сақтау мақсатында, ет үйді-үйге мешіт қызметкерлері және еріктілердің жұмылуымен жеткізілді.
– Қайырымдылық іс шарасы барысында еліміздің амандығы, тыныштығы үшін дұға жасалды. Барша мұсылманның шалған құрбандығын, жасаған қайырымдылығын Алла Тағала қабыл етсін! Өзінің шексіз мейірімімен сансыз мол сауаптардан жазсын, – дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев.