Covid-19: +24; -29
Атырау облысында өткен тәулікте 24 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың алтауы Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 15 жұмысшы, Жылыой – 2, Исатай ауданынан 1 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 13 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше өңірде коронавирус инфекциясынан 29 адам емделіп шыққан.
Қазіргі уақытта 110 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда – 69, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 20, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, ем қабылдауда.
Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша бүгін, он үшінші күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.