Атырауда «OTANLife» жобасы іске қосылды
Атыраудың білім саласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OTANLife» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
⠀
Қосымша білім беру, тәрбие жұмысы, өзін-өзі тану және бала құқығын қорғау бөлімінің басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «OTANLife» — 2021 жылы Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жобалардың негізгісі.
⠀
— Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу сезімдерін қалыптастыру. Жобаға барлық білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары мен колледж студенттері, педагогтар және ата-аналар қатыса алады. Жоба толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы тағайындалуы шарт. Комиссия құрамына жоба жетекшісі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі, Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», әскери-патриоттық, еріктілер клубтары, «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері» ұйымы, т.б. мүдделі ұйымдар мен тұлғалар кіреді, — деді бөлім басшысы.
⠀
Айта кетелік, аталмыш жобада онлайн-дәрістер, сынып сағаттары, дебаттар, кітаптар бейнеблогы, мұражайларға саяхат, жас ғалымдармен кездесу, сурет шеберханасы, жас айтыскер сайысы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалар арналған іс-шаралар, әскери-патриоттық клубтар арасында сайыстар, оқушылар арасында эссе конкурсы және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.