Жыл басынан өңірде 17 өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан бері Атырау облысының аумағында 17 өрт тіркелген. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның ішінде: тұрғын үй секторында – 10, көлік құралдарында – 3, басқа да объектілерде – 4.
Өрттердің ең көп саны электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан болып отыр.
Пештердің ақаулығы салдарынан 3 бала улы газбен уланып ауруханадан ем алып шықты.
Өрт оқиғасының туындауына алып келетін ең көп тараған себеп – отты пайдаланудағы абайсыздық. Сонымен қатар, тілсіз жаудың құрбанына айналатын адам өміріне қауіп төндіретін бірқатар себептер – мас күйінде темекі шегу, тұрмыстық газ құралдарын, пешті, электр жабдықтары мен аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.