Бағаны тұрақтандыру мақсатында 777 млн. теңге қарастырылған
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтқан.
– Халық үшін өзекті мәселенің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Бұл мәселе үнемі бақылауымызда. Былтыр жергілікті бюджеттен осы мақсатта қосымша 777 млн. теңге қаржы бөлінді. Айналым сызбасы арқылы алынған 15 түрлі өнім қазіргі кезде белгіленген 36 сауда-саттық нүктелерінде сатылуда. Тұрғындар оларды нарықтан 10–15 пайыз төмен бағада алуда, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, нан бағасының өсімін тежеу мақсатында 155 млн. теңгеге 1 000 тонна ұн сатып алынып, наубайханаларға таратылғанын және тұрақтандыру қоры, келісімшарттарды жаңарту арқылы, 606 тонна картоп және көкөніс өнімдерімен толықтырылғанын атап өтті.