Аналарды тігіншілікке үйрететін орталық ашылды
Атырауда облыстық Азаматтық Альянсы және қала әкімінің қолдауымен «Аналарды тігіншілікке үйрету орталығы» ашылды.
Томарлы елдімекеніндегі мәдениет үйінде іске қосылған орталықтың ұйымдастырушысы — «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсім Биташева.
— Бастаманы көтеріп шыққанымда, Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаев аналарға жайлы орын беріп қолдаса, Атырау облысы Азаматтық Альянсының президенті Әлібек Семгалиев тігін машинкаларын алып берді. Елдің азаматтары үлкен сауапты іс жасады. Алла разы болсын! Аналардың кәсіпке бет бұрып, өзін, отбасын асырауына үлкен мүмкіндік беріліп отыр, — дейді Гүлсім Биташева.
Айта кету керек қазір орталықта мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы 15 ана тегін дәріс алуда.