Боксшы қыздар Қазақстан чемпионатынан жүлделі оралды
1–7 ақпан күндері Алматы қаласында бокстан қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы хабарлады.
Жалпы сайысқа өңірден 11 спортшы қатысып, оның 7-еуі жүлделі орыннан көрінді.
Жастар арасында 69 келіде Ищанова Ақнар ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Осылайша ол былтырғы нәтижесін қайталап отыр.
Одан өзге жастар арасында 46 келіде Есенова Малика, 54 келіде Тлепқалиева Жасмина және 57 келіде Нұрқуатова Арайлым үздік үштіктен көрінді.
Жасөспірімдер құрамасы үш қоламен шектелді: 50 келіде Жәнібекова Ақмейір, 52 келіде Есенғалиева және 54 келіде Жұмабаева Нұрай.