Былтыр 2,6 миллион жол-көлік оқиғасы бейнекамера арқылы анықталған
Өткен жылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 2,6 миллион фактісі бейнекамера арқылы анықталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің Facebook-парақшасында өткен тікелей эфирде айтылды.
– Өткен жылы 5 жарым мыңнан астам қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу электрондық форматта жүргізілді. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсарды. Туыстарымен бейнекездесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар енгізілді, басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылды, – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, елдегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы бейнекамера арқылы анықталған.
– Мысалы, өткен жылы 2,6 миллион жол қозғалысы ережесін бұзушылық бейнекамера арқылы анықталды, – деді ол.