Ресей жаһандық желіден ажырауы мүмкін
ТЖ кезінде Ресей жаһандық желіден ажыратылуы мүмкін. Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында айтқан.
Жаһандық желіні басқарудың негізгі құқығы Америка Құрама штаттарында. Бірақ биліктің ондай жағдайға дайындаған жоспары барын айтты.
– Интернет белгілі бір уақытта пайда болды және оны басқарудың негізгі құқықтары АҚШ-та. Егер төтенше жағдай болса, оны толық тоқтатуға мүмкіндік бар. Дегенмен билік бұл жағдайға жоспар құрып қойған, – деді Медведев.
Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары мұндай тәуекелдер аясында Ресейде интернет сегменті туралы заң қабылданғанын хабарлады. Оны дербес басқаруға болатын жолдардың қаралып жатқанын ескертті.