Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» деген пән енгізілуі мүмкін
Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
– Парасаттылық идеологиясын насихаттауда үздіксіз кешенді білім беру маңызды. Біз қазіргі таңда Білім министрлігімен негізгі мектеп пәндерінің бағдарламасына парасаттылық идеологиясын енгізуді пысықтадық. Осы ретте «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлінің «Адалдық әліппесін» әзірлеу туралы бастамасы назар аударуға тұрарлық. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, бұл қадам балаларды ерте жастан адал өмір сүруге баулуға ықпал етеді, – деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.