Бір күнде жол ережесін бұзған 458 көлік анықталды
Атырауда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 26–30 қаңтар аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев хабарлады.
Іс-шараның тек бір күнінде жолда жүру ережесін бұзудың 458 дерегі анықталды. Оның ішінде белгіленген жылдамдық мөлшерін аттырудың – 72, көлік құралын пайдалану кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 36, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 69, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – 21, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 56, құжатсыз көлік құралын басқарудың – 51, маневр қағидасын бұзған 16 жүргізушіге хаттама толтырылып, айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға және ережелерді қатаң ұстауға шақырады.