Балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді.
«Халық денсаулығы туралы» Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша бас тартуға құқылы.
Ал 18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі.
1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады.
1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері.
1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдырады.