Бір күнде автобустар 170 рет заң бұзды
Атырау облысы аумағында 20–22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы күнінде облыс бойынша автобустарға қатысты 170 заңбұзушылық анықталды. Оның 42-сі автобус жүргізушілерінің маневр жасау қағидаларын бұзуы, 38-і рөлде телефонмен сөйлесуі бойынша анықталған заңбұзушылықтар. Және де жылдамдық асырған 8 автобус, міндетті техникалық тексеруден өтпеген 19 автобус жауапкершілікке тартылды.