Италияда Этна жанартауы оянды
Дүйсенбіге қараған түні Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы оянды.
Жанартау атқылап одан күл мен ыстық лава төгілген.
Қара түтін айналадағы елдімекендерге жайылды. Ел билігі бұл атқылаудың жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қауіпті еместігін айтты.
Жалпы мұнда мыңдаған адам елдегі үш белсенді жанартаудың ең биігін тамашалау үшін келеді.
Этнадан басқа, бұл тізімге Тиррен теңізіндегі Стромболи және Неаполь маңындағы Везувий кіреді.
Ал Этна – Еуропадағы ең биік белсенді жанартау. 2013 жылғы маусымда Этна ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілді.