Covid-19: +73; -65
Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 20-сы Атырау қаласынан, 44 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Жылыой – 3, Қызылқоға – 1, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелген.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 65 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 264 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық стационарда 98
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 34, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.