Гориллалардан алғаш рет коронавирус анықталды
Американың Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында алғаш рет гориллалардың коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
— Сан-Диегодағы хайуанаттар бағында Сафари паркіндегі гориллалардан SARS-CoV-2 вирусы анықталды. 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастаған. 11 қаңтарда ветеринарлық қызметкерлер оң нәтижені растады, — делінген хабарламада.
Болжам бойынша жануарлар коронавирусты парк қызметкерінен жұқтыруы мүмкін.