Еріктілер Министрдің алғыс хатымен марапатталды
Атыраулық еріктілер Виктория Синицина мен Бекасыл Самиғолланың белсенді қызметтері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан лайықты деп бағаланды.
Атырау облысы полиция департаментінің қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға, алдын-алуға бағытталған түрлі іс-шараларына үнемі белсенді қатысатын волонтерлардың орны ерекше.
Қоғам жанашырлары ретінде еңбектерін ескере отырып, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев еріктілерге ҚР Ішкі істер министрінің атынан алғыс хат табыс етті.