Индерде жаңа арбат ашылды
Индербор кентіндегі Бейбарыс көшесінде жаңа арбат ашылды.
Жалпы көлемі 7217,05 шаршы метр болатын демалыс орнында аудан тұрғындарының жақсы демалуына барлық жағдай жасалған.
Мұнда екі дана шахмат үстелі, «Жанұя құндылығы», «Тас кешу», «Домбыра» және А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шағын сәулет формалары орналасқан. Бұдан бөлек, құрғақ және биіктігі 2 метрге дейін жететін түрлі-түсті субұрқақ бар.
Мамыр айында басталған құрылыс жұмысын «Оңдасын Строй» ЖШС-і жүргізді.
Арбаттың кіреберіс екі жағынан бой көтерген аркалар Индербор кентінің тауларын бейнелесе, ортасында «Шаңырақ» декорациясы орналасты.
Сонымен қатар, жаңа шамдар ілініп, төсем тастар төселді. Және жаңа орындықтар қойылды.