Жылыойда жаңа ғимараттар көбейді
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жылыойда жаңа сот ғимараты ашылды.
Жылыой аудандық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына облыстық сот төрағасы Бауыржан Жұмағұлов, аудан әкімі Халел Жамалов, облыстық соттың судьялары, Соттар әкімшісінің және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ғимараттың құрылысын жүргізген «ЭКОПЛАСТ» мекемесі. Нысан екі қабаттан, 17 кабинеттен тұрады. Сонымен қатар, фронт-офис, күту залы, бейне байланыспен жарақтандырылған мәжіліс залдары, медиаторлар, прокурорлар мен адвокаттарға арналған кабинеттер орналасып, судьялар мен сот қызметкерлеріне барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Ғимарат алдында автокөлік тұрағы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар орнатылған.
Салтанатты іс-шараға қатысушылар жаңа сот ғимаратын аралап, сот ұжымының жұмысымен танысты.