Атырау – «сары аймақта»
Атырау облысы КВИ-ның таралу қаупі бойынша «жасылдан» «сары» аймаққа өтті.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, «қызыл аймаққа» Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары енсе, «сары аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары бар. «Жасыл аймақта» Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, Алматы және Шымкент қалалары орналасқан.
Атырау облысында өткен тәулікте 28 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і – Атырау қаласынан, 19-ы – Теңіз кенішінен және Жылыой, Қызылқоға, Махамбет, Исатай аудандарынан бір адамнан тіркелген.
26 науқаста ауру симптомсыз түрде өтуде. Инфекция жұқтырғандардың басым көпшілігі – 20 – 49 жас аралығындағылар.
Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге сәйкес кеше коронавирустан 8 адам жазылып шықты.