«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі 600 жаңа вагонмен толықпақ
2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады. Бұл туралы ҚР ИИДМ-гі хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 вагон жұмысқа шыққан. Оның 14-і Нұр-Сұлтан – Арқалық бағытына бөлінсе, 8 вагон – Нұр-Сұлтан – Семей, 18 вагон – Атырау – Маңғыстау, 10 вагон Алматы – Жезқазған бағытына бөлінген.
Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ 109 вагонды жаңартты.
Осы уақыт ішінде жүк темір жол көлігімен 340 млн. тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд. текше метр деңгейінде тіркелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға артық.