Кеше өңірде 14 адам Сovid-19 жұқтырды
Облыста өткен тәулікте 14 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққандардың 8-і – Атырау қаласынан, үшеуі – Теңіз кенішінен және Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан.
Коронавирус инфекциясымен науқастанғандардың бесеуінде ауру симптомды, қалғандарында симптомсыз түрде өтуде.
Сондай-ақ, кеше Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Бүгінде Атырау облысында КВИ-н жұқтырғандардың жалпы саны – 11 571. Оның 11 288-і жазылып шықса, 81-і көз жұмды.