Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, елімізде кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.
«Киік» акциясы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өткізіледі.
«Киік» акциясына «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Жануарлар дүниесін қорғау қызметінен 224 инспектор, 68 жол талғамайтын автокөлік, 37 КУНГ, 23 қарда жүретін көлік, 2 «Берлога» вагоншасы жұмылдырылады. Сондай-ақ, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК бас директорының тапсырмасына сәйкес, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүиесін есептеу және мониторинг бөлімдерінен инспекторлар жұмылдырылады.
Бұдан басқа әрбір өңірлік филиалда облыстық аумақтық инспекциялар мен ІІМ өкілдері қатарынан 1 – 31 желтоқсан аралығында бірлескен мобильді топтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, пандемия кезеңінде әкімдіктің келісімімен белгіленген карантин блок бекеттерде «Киік» кең ауқымды акциясы бойынша бірлескен іс-шара жүргізілмек.